ҚУАНДЫҚ ҚАЖКЕНОВ ЕҚДБ ӨКІЛДЕРІМЕН КЕЗДЕСУ ӨТКІЗДІ

ҚУАНДЫҚ ҚАЖКЕНОВ ЕҚДБ ӨКІЛДЕРІМЕН КЕЗДЕСУ ӨТКІЗДІ

«Астана 2025» халықаралық форумы қарсаңында ҚР Өнеркәсіп және құрылыс вице-министрі Қуандық Қажкенов Еуропалық қайта құру және даму банкінің (ЕҚДБ) өкілдерімен жұмыс кездесуін өткізді.

Кездесуге Еуропалық қайта құру және даму банкінің өкілдері қатысты, соның ішінде Қазақстан бойынша банк басшысының орынбасары Асқар Намазбаев, Еуразия елдері инфрақұрылым департаментінің директор орынбасары Бахтиёр Файзиев және жетекші банкир Шолпан Диханбаева. Қазақстан тарапынан кездесуге «Тұрғын үй-коммуналдық шаруашылығын жаңғырту және дамыту Қазақстан орталығы» АҚ басқарма төрағасының орынбасары Макка Шынгазиева және Коммуналдық шаруашылық басқармасының басшысы Айнұр Примашева қатысты.

Кездесу барысында Қарағанды қаласындағы кәріздік тазарту құрылыстарын (КТҚ) жаңғырту жобасының қазіргі жағдайы талқыланды. Әсіресе, 2025 жылғы 24 маусымда өтетін Шетелдік инвесторлар кеңесінің (ШИК) отырысы аясында субсидиялар, қарыздар және мемлекеттік кепілдіктерді ұсынуға қатысты үшжақты келісімдерге қол қоюға дайындық мәселелеріне ерекше назар аударылды.

Сондай-ақ, тараптар Ақтөбе қаласындағы ұқсас жобаның жүзеге асу барысын талқылады. ЕҚДБ өкілдері тұрғын үй-коммуналдық шаруашылық саласының тұрақты дамуына бағытталған инфрақұрылымдық бастамалар бойынша ынтымақтастықты жалғастыруға мүдделілік танытты.

Кездесу қорытындысы бойынша тараптар стратегиялық серіктестікті нығайтуға және сындарлы диалогты жалғастыруға өзара дайын екендіктерін білдірді.