2025 жылғы 27 мамырда «Электр энергетикасын дамыту және энергия үнемдеу институты» АҚ (EEDI) алаңында ҚР Өнеркәсіп және құрылыс министрлігінің ведомстволық бағынысты ұйымы Қазақстандық жасыл құрылыс кеңесінің (KazGBC) атқарушы директоры Александр Белыймен жұмыс кездесуі өтті. Өзара іс-қимылдың перспективалық бағыттарын талқылау қорытындысы бойынша ынтымақтастық туралы меморандумға қол қойылды.
Құжатмынадайбағыттардықамтиды: энергия тиімдіжәнеэкологиялыққұрылыстыдамыту, білімжәнехалықаралықтәжірибеалмасу, нормативтік-әдістемелікқұжаттардыәзірлеу, ӨМІРұлттықстандартыбойыншағимараттардысертификаттау, тұрақтықұрылыссаласындакадрлардаярлау.
Институт энергияны үнемдейтін шешімдерді енгізу бойынша күш-жігерді үйлестіруді, кәсіпқойлардың жаңа буыны үшін ғылыми және білім беру базасын қолдауды жалғастырады.
KazGBC-құрылыс саласын орнықты даму қағидаттарына көшуге ұмтылатын сарапшыларды, сәулетшілерді, құрылыс салушылар мен инженерлерді біріктіретін коммерциялық емес ұйым. Бұдан басқа, ұйым OMIR (сертификаттау деңгейі: алтын, күміс немесе қола) стандарты бойынша Қазақстандағы жалғыз сертификаттаушы орган болып табылады.
Естеріңізге сала кетейік, ғимаратта OMIR, BREEAM немесе LEED сияқты жасыл құрылыс сертификатының болуы жылдық 12,5% (ЖТСМ 13,3% - дан 18,1% - ға дейін) және бастапқы жарнаның 20% - ы мөлшерлемесімен «Жасыл ипотека» бағдарламасына қатысудың басты шарты болып табылады. Осылайша, «Отбасы банкінің» салымшылары энергия тиімді тұрғын үй сатып ала алады.