ТМД-ға қатысушы мемлекеттердің сейсмикалық тұрақты құрылыс саласы жөніндегі комиссияның кезекті отырысы өтті

ТМД-ға қатысушы мемлекеттердің сейсмикалық тұрақты құрылыс саласы жөніндегі комиссияның кезекті отырысы өтті

 

Мәскеуде ТМД-ға қатысушы мемлекеттердің экономикалық ынтымақтастығына қатысты бірқатар мәселелер қаралған Экономикалық мәселелер жөніндегі комиссияның кезекті отырысы өтті. Отырыста базалық ұйымдардың есептері тыңдалды.

Аталған отырыс аясында ТМД-ға қатысушы мемлекеттердің сейсмотұрақты құрылыс саласындағы Базалық ұйымы – «Қазақ құрылыс және сәулет ғылыми-зерттеу және жобалау институты» АҚ 2019-2024 жылдардағы қызметі туралы есебі қаралды.

«ҚазҚСҒЗИ» АҚ 2019 жылдан бері ТМД-ға қатысушы мемлекеттердің сейсмотұрақты құрылыс саласындағы Базалық ұйымы қызметін атқарады. Институт ТМД кеңістігіндегі құрылыс нысандарының сейсмикалық қауіпсіздігін қамтамасыз ету саласындағы қызметті үйлестіреді.

Есепті Базалық ұйым басшысының орынбасары, «ҚазҚСҒЗИ» АҚ өндіріс жөніндегі басқарушы директоры Ералы Шоқбаров бейнеконференция режимінде баяндады.

ТМД Экономикалық кеңесі жанындағы Экономикалық мәселелер жөніндегі комиссия ұсынылған ақпаратты мақұлдап, Базалық ұйымның ТМД кеңістігінде сейсмикалық қауіпсіздікті арттыруға қосқан үлесін атап өтті. Сонымен қатар, ғылыми-зерттеу жұмыстарын жалғастыру, нормативтік базаны жетілдіру, кадрлық әлеуетті дамыту және салалық іс-шаралар ұйымдастыру ұсынылды.

Базалық ұйымның қызметі – сейсмикалық қауіпті аймақтарда құрылыс жүргізу кезінде жоғары қауіпсіздік деңгейін қамтамасыз ету және әртүрлі геологиялық жағдайлардағы құрылымдық шешімдердің тұрақтылығын талдау мақсатында қажетті жағдайлар мен тиімді тетіктер құру арқылы ТМД мемлекеттері арасында ынтымақтастықты дамытуға бағытталған.