Около 11 тысяч семей получают государственную поддержку по оплате за съем жилья

Около 11 тысяч семей получают государственную поддержку по оплате за съем жилья

Бүгін ҚР Президенті жанындағы Орталық коммуникациялар қызметінің баспасөз конференциясында ҚР Өнеркәсіп және құрылыс Министрлігінің Құрылыс және тұрғын үй-коммуналдық шаруашылық істері комитетінің төрағасы Бақытжан Жүнісбеков еліміздегі тұрғындарды тұрғын үймен қамтамасыз ету және осы жылы атқарылатын жұмыстар туралы мәлімдеді.

«Құрылыс саласы еліміздің экономикасының негізгі салаларының бірі болып табылады. 2024 жылы республика көлемінде 18,9 миллион шаршы метрден астам жаңа тұрғын үй пайдалануға беріліп, бұл шамамен 170 мыңнан астам тұрғын үйге тең болды. Мемлекеттік инвестициялар арқылы 30 мыңнан аса пәтер салынды, сондай-ақ 9 мыңға жуық жеңілдетілген займ берілді. Биылғы жылы да тұрғын үй салуды жалғастыру және азаматтарды тұрғын үймен қамтамасыз етудің қосымша шараларын енгізу жоспарланған. Соның аясында кредиттік тұрғын үйдің 12 мың пәтерін салу және 5 мыңнан астам жалға берілетін тұрғын үй сатып алу көзделуде,» – атап өтті Б. Жүнісбеков.

Қазіргі уақытта елімізде тұрғын үй кезегінде 650 мыңнан астам адам бар. Бұл азаматтарға жалға берілетін тұрғын үй сатып алу құқығымен беріледі, оның кемінде 20%-ы жетім балаларға арналған.

2022 жылдан бастап тұрғын үйді жалдау құнының 50%-ын субсидиялау енгізілді, бұл бірінші және екінші топтағы мүгедектер, жетім балалар, көпбалалы отбасылар сияқты топтарға бағытталған. Бүгінгі таңда 11 мыңға жуық отбасы тұрғын үйді жалға алу бойынша мемлекеттік қолдау алады.

Одан бөлек, әкімдіктер тұрғын үй сертификаттары арқылы ипотекалық несиелердің бастапқы жарнасын жабуға көмектеседі. Өткен жылы 2300-ден астам, ал биылғы жылдың алғашқы тоқсанында 500-ден астам сертификат берілген.

Тұрғын үй жағдайын жақсартуға мемлекеттік қолдаудың қосымша шарасы – жеңілдетілген ипотекалық несиелер беру. Кезекте тұрған азаматтарға 2% және 5% мөлшерлемесі бойынша займдар беріледі. 2024 жылы 3800-ден астам адам жеңілдетілген займ алса, биылғы төрт айда 950-ден астам адам тұрғын үй сатып алу үшін займ алды.

«Наурыз» ипотекалық бағдарламасы аясында әлеуметтік осал топтар үшін жыл сайын 12 мың займ берілу жоспарланған, ал биылғы төрт айда 1 500-ден астам адам бұл бағдарламаның артықшылығын пайдаланды.

Сондай-ақ, тұрғын үй саясатын реформалауға бағытталған заңнамаға да түзетулер енгізілді. Енді тұрғын үй кезекке тіркелген күні мен отбасының табыс деңгейін ескере отырып бөлінетін болады.