
2026 жылғы 26 маусым күні ҚР Өнеркәсіп және құрылыс вице-министрі Олжас Сапарбеков Абай облысының тұрғындарымен кездесу өткізеді.
Кездесу барысында Қазақстан Республикасы Өнеркәсіп және құрылыс министрлігі жетекшілік ететін мәселелер талқыланады.
Кездесу сағат 10:00-де Alikhan Bokeikhan University ғимаратында, Семей қаласы, Мәңгілік ел көшесі, 11 (4-қабат, мәжіліс залы) мекенжайында өтеді.
Тұрғындар мен БАҚ өкілдерін кездесуге қатысуға шақырамыз.
Қосымша ақпарат алу үшін 8 +7 707 150 55 03 (Гүлім), +7 777 651 18 61 (Инора Игоревна) байланыс нөміріне хабарласа аласыздар.