
2026 жылғы 5-7 мамыр аралығында Астана қаласындағы EXPO халықаралық көрме орталығында Comtrux Astana коммерциялық көлік пен автожол логистикасына арналған жаңа халықаралық көрме өтеді.
Messe Frankfurt GmbH лицензиясы бойынша ұйымдастырылатын Comtrux Astana көрмесі Қазақстан мен Орталық Азиядағы салалық көрме нарығының дамуына ықпал ететін бірден-бір алаң. Бұл Komtrans + BUSexpo Astana жобасына жасалған ауқымды ребрендингтің нәтижесі.
Көрмеде:
– жүк көліктері мен автобустар;
– тіркемелер мен жартылай тіркемелер;
– тасымалдарды бағдарлау және телематика технологиялары;
– автопаркті басқарудың цифрлық жүйелері;
– көлік және логистика инфрақұрылымына арналған заманауи әдістер ұсынылады.
Сонымен қатар, өндірушілер, дистрибьюторлар, тасымалдаушылар, логистика операторлары, мемлекеттік құрылымдар өкілдері, корпоративтік тапсырыс берушілер мен кәсіби сатып алушылар үшін көрме жақсы мүмкіндік.
Comtrux Astana 2026 көрмесі Eurasian Construction Technology Astana көрмесімен қатар өтетініне ерекше назар аударған жөн. Осы арқылы көлік пен құрылыс салалары арасындағы өзара ықпалдастық күшейіп, әлеуетті серіктестермен байланыс орнату мүмкіндіктері кеңейетін болады.
2025 жылы Қазақстан, Қытай, Түркия, Ресей және Өзбекстан елдерінен 230 компания қатысты. Іскерлік бағдарлама аясында 100-ден астам B2B-кездесу өтті. Көрме қорытындысы бойынша жалпы көлемі 200 млн теңгеден асатын келісімдерге қол қойылды.
Comtrux Astana 2026 көрмесі:
– коммерциялық көлік пен логистикалық шешімдер нарығындағы жаңа өнімдермен танысу;
– жеткізушілер және өндірушілермен тікелей келіссөздер жүргізу;
– бизнес пен сатып алу бағытында жаңа байланыстар орнату;
– Қазақстан мен Орталық Азия нарығының өзекті трендтерін зерделеу;
– кәсіби салалық ортаға қосылып, кәсіпорынды дамытуға жол ашады.
Тіркелу үшін:
Ұйымдастырушылармен байланысу үшін:
Ольга Носова, жобаның жетекші менеджері
Тел.: +7 (717) 264 22 10 (ішкі 205)
E-mail: olga.nosova@bmca.kz
Әділжан Кәрімов, PR/GR менеджер
Тел.: +7 771 988 1200
E-mail: adilzhan.karimov@bmca.kz