Меню
Страницы

KAZBUILD 2026: ҚАЗАҚСТАННЫҢ БАСТЫ ҚҰРЫЛЫС АЛАҢЫ ӘЛЕМНІҢ ТҮКПІР-ТҮКПІРІНЕН САЛА КӨШБАСШЫЛАРЫН ЖИНАЙДЫ

KAZBUILD 2026: ҚАЗАҚСТАННЫҢ БАСТЫ ҚҰРЫЛЫС АЛАҢЫ ӘЛЕМНІҢ ТҮКПІР-ТҮКПІРІНЕН САЛА КӨШБАСШЫЛАРЫН ЖИНАЙДЫ

Сіздерді 2026 жылғы 2-4 қыркүйек аралығында Алматы қаласында, «Атакент» ҚІЫО аумағында өтетін 32-ші Қазақстандық халықаралық Құрылыс және интерьер KazBuild 2026 көрмесіне шақырамыз.

Үш онжылдықтан астам уақыт бойы бұл іс-шара құрылыс қауымдастығы үшін беделді коммуникациялық алаң, озық технологияларды, инновациялық материалдарды және саланың үздік тәжірибелерін таныстыру платформасы ретінде қызмет етіп келеді. Ол өнімді ішкі және халықаралық нарықтарға тиімді ілгерілету құралы, сондай-ақ Қазақстан Республикасының құрылыс кешенін дамытудағы маңызды фактор ретінде өзін дәлелдеді.

KazBuild туралы фактілер:

  • 1994 жылдан бері Қазақстандағы ең ірі құрылыс және интерьер көрмесі
  • Жыл сайын Қазақстанның басты бизнес-қаласы – Алматыда өтеді
  • Көрме бөлімдері: құрылыс материалдары, жабдықтар мен құралдар, керамика және тас, терезе технологиясы, интерьер, әрлеу материалдары
  • Іскерлік бағдарлама аясында 60-тан астам іс-шаралар: семинарлар, мастер-кластар, дөңгелек үстелдер, B2B және B2G кездесулер, делегаттық бағдарламалар және т. б.

KazBuild 2026 Орталық Азиядағы жетекші салалық іс-шара мәртебесін тағы да растап, құрылыс нарығын дамытудың стратегиялық құралы әрі Қазақстанның халықаралық кәсіби қауымдастыққа ықпалдасуының маңызды алаңы болмақ.

Іс-шара ҚР өнеркәсіп және құрылыс министрлігінің, ҚР цифрлық даму, инновациялар және аэроғарыш өнеркәсібі министрлігінің, Алматы қаласы әкімдігінің, сондай-ақ сауда өкілдіктері мен дипломатиялық миссиялардың ресми қолдауымен өтеді.

Іс-шараның ұйымдастырушысы — Қазақстандық Iteca көрме компаниясы және оның халықаралық серіктесі – ICA Events компаниялар тобы.

Келушілер үшін кіру алдын ала тіркелу арқылы тегін: https://kazbuild.kz/kz/kormege-bilet-alu?promo=KBA2026MPS

Өтетін орны:
Қазақстан Республикасы, Алматы қ., «Атакент» ҚІЫО

Өтетін күндері:  2–4 қыркүйек 2026 жыл

Ұйымдастырушылардың байланыс деректері:
Тел.:  +7 771 258 34 34, +7 727 258 34 34 
E-mail: Kz.Build@iteca.events

Социальные медиа
Facebook
Instagram
Youtube
Telegram
Меню подвал
Экран дикторы
Терминдер мен қысқартулар
Құпиялылық саясаты
Ашық деректердің интернет-порталында ақпаратты орналастыру қағидалары
Жасанды интеллектті дамытудың 2024 – 2029 жылдарға арналған тұжырымдамасы
Цифрлық трансформация тұжырымдамасы
Өмірлік жағдайлар
ҚР Президенті жанындағы Орталық коммуникациялар қызметі
ҚР Премьер-Министрінің сайты
ҚР Президентінің сайты