
2026 жылғы 11–12 маусым аралығында Қазақстанның елордасы Астана қаласында елдің индустриялық күнтізбесіндегі ең маңызды оқиғалардың бірі — Astana Mining and Metallurgy 2026 халықаралық тау-кен-металлургия конгресі мен көрмесі өтеді.
Қазақстан Республикасы Өнеркәсіп және құрылыс министрлігі AMM алаңының шикізатты терең өңдеу стратегиясын іске асыруда және өндіруші секторға инновациялық технологияларды енгізуде ерекше рөл атқаратынын атап өтеді.
AMM 2026 негізгі бағыттары:
AMM конгресі жыл сайын салалық министрліктердің басшыларын, ірі компаниялардың топ-менеджментін, халықаралық сарапшыларды және ғылыми қауымдастық өкілдерін біріктіреді. Бұл алаң мемлекет пен бизнес арасындағы сындарлы диалогты қамтамасыз етіп, Қазақстан экономикасының негізі болып табылатын тау-кен-металлургия кешенінің тұрақты дамуына ықпал етеді.
Келушілер үшін кіру алдын ала тіркелу арқылы тегін: https://amm.kz/ru/poluchite-bilet-na-vystavku?promo=AMM2026MPS
Өтетін орны: Қазақстан, Астана қаласы, Hilton Astana қонақ үйі, Гейдар Әлиев көшесі, 14
Өтетін күндері: 11–12 маусым 2026 ж.
Ұйымдастырушылармен байланысу:
Тел.: +7 727 258 34 34 (ішкі 305)
E-mail: Assel.Delmanova@iteca.events
Ресми сайт: www.amm.kz.
БАҚ өкілдерін, сарапшылар қауымдастығын және салалық компанияларды ТМК- ның болашағын қалыптастыруға қатысуға шақырамыз.