Меню
Страницы

Жылдың басты салалық оқиғасы – Қазақстан машина жасаушыларының XIII форумы 2026 жылғы 2–3 сәуірде Астанада өтеді

Жылдың басты салалық оқиғасы – Қазақстан машина жасаушыларының XIII форумы 2026 жылғы 2–3 сәуірде Астанада өтеді

Қазақстан машина жасаушыларының форумы – мемлекет пен бизнес арасындағы негізгі диалог алаңы. Мұнда машина жасау саласы мен өңдеу өнеркәсібін дамытудың тұжырымдамалық бағыты қалыптастырылады. Форум аясында мемлекеттік өнеркәсіптік саясат тетіктері, импортты алмастыруды ынталандыру шаралары, технологиялық жаңғырту және отандық өндірістердің бәсекеге қабілеттілігін арттыру мәселелері талқыланады.

Форумға 1 000-нан астам қатысушының, оның ішінде 20-дан астам елден келген мемлекеттік органдардың өкілдері, бизнес-қоғамдастық, ірі тұтынушылар мен машина жасау өнімдерін өндіруші жетекші компаниялардың қатысуы күтілуде.

Форум аясында 2026 жылғы 1–3 сәуір аралығында «EXPO» халықаралық көрме орталығында машина жасау саласының әртүрлі бағыттарына арналған заманауи технологиялар, жабдықтар мен шешімдер ұсынылатын «KAZAKHSTAN MACHINERY FAIR 2026» халықаралық мамандандырылған көрмесі өтеді.

Форум бағдарламасы мен қатысушыларды тіркеу www.smkz.kz сайтында қолжетімді:

https://smkz.regist.kz/event.php?id=35

 

Қазақстан машина жасау саласының даму бағытын айқындайтын маңызды оқиғаға қосылыңыз!

 

#СМК #СоюзМашиностроителей #XIIIФорумМашиностроителейКазахстана 

#ҚазақстанМашинаЖасаушыларыныңXIIIФорумы 

#ҚМЖО

#ForumOfKazakhstanMachineryManufactures #AKMI #13Forum #AssociationOfKazakhstanMachineryIndustry #mechanicalengineering

 

Социальные медиа
Facebook
Instagram
Youtube
Telegram
Меню подвал
Экран дикторы
Терминдер мен қысқартулар
Құпиялылық саясаты
Ашық деректердің интернет-порталында ақпаратты орналастыру қағидалары
Жасанды интеллектті дамытудың 2024 – 2029 жылдарға арналған тұжырымдамасы
Цифрлық трансформация тұжырымдамасы
Өмірлік жағдайлар
ҚР Президенті жанындағы Орталық коммуникациялар қызметі
ҚР Премьер-Министрінің сайты
ҚР Президентінің сайты