
Kazakhstan Machinery Fair — Қазақстан мен Орталық Азиядағы машина жасау және металл өңдеу саласындағы ең ірі халықаралық көрме. Көрме жылдар бойы саланың басты кәсіби алаңы ретінде беделге ие болды. Бүгінде бұл — Қазақстан мен өңірдегі кәсіби мамандар үшін маңызды іс-шара, онда іскерлік байланыстар орнатылады, трендтер талқыланады және серіктестік келісімдер жасалады.
300-ден астам компания өз шешімдерін келесі бағыттар бойынша ұсынады:
Жыл сайын отандық және шетелдік компаниялар технологиялық әлеуетінің артуын және экспорттық мүмкіндіктерін көрсетеді. Үш күн ішінде көрме алаңында ондаған нәтижелі кездесу мен келіссөздер өтеді, олар болашақ серіктестіктер мен келісімшарттардың негізін қалайды.
2025 жылғы қатысушылар қатарында: Hyundai WIA, CHIRON Group SE, KAMAZ, QazTehna, ALLUR, ISCAR Kazakhstan, Bodor, XT Laser, Zoller, KAPP NILES, IGM Robotersysteme, Robentex, SMWAutoblok, HORN, Welding Company, Motul және басқа компаниялар.
Негізгі іс-шара:тXIII Қазақстан машина жасаушылар форумы —
1000-нан астам өндіріс компанияларының, мемлекеттік органдардың, салалық қауымдастықтардың және ірі тапсырыс берушілердің өкілдерін жинайтын маңызды алаң.
Қатысу бойынша байланыс(экспоненттерге):
Нұржан Төремуратов
+7 7172 64 23 23 (ішкі 230)
nt@astana-expo.com
Маркетинг және PR бойынша:
Айгерім Мендібаева
+7 7172 64 23 23 (ішкі 203)
+7 747 014 26 08
Сайт: https://www.kmfexpo.kz/