Меню
Страницы

Powerexpo Almaty 2025: 23-ші Қазақстандық Халықаралық «Энергетика, Электротехника және Энергетикалық машина жасау» көрмесі

Powerexpo Almaty 2025: 23-ші Қазақстандық Халықаралық «Энергетика, Электротехника және Энергетикалық машина жасау» көрмесі

Powerexpo Almaty 2025: 23-ші Қазақстандық Халықаралық «Энергетика, Электротехника және Энергетикалық машина жасау» көрмесі

Өткізілетін күндері: 2025 жылғы 21–23 қазан, Алматы

Өткізілетін орны: Қазақстан Республикасы, Алматы қаласы, Тимирязев көшесі, 42, «Атакент» ҚІЫО

Powerexpo Almaty Орталық Азиядағы электротехника саласындағы іс-шаралар арасында жетекші орынға ие және энергетика саласындағы ең ірі әрі ең көп қатысушы жиналатын шара болып саналады.

Көрме келушілерге электр энергетика саласына арналған заманауи жабдықтар, технологиялар мен қызметтердің толық спектрін ұсынады.

Жыл сайын Powerexpo Almaty көрмесіне халықаралық және жергілікті энергетикалық компаниялар, электр энергетика саласына арналған жабдықтар, технологиялар мен қызметтердің әлемдік өндірушілері мен жеткізушілері, энергетикалық нысандарға қызмет көрсететін кәсіпорындар, инжинирингтік және консалтингтік компаниялар қатысады.

Көрменің негізгі бөлімдері:

  • Электротехника
  • Баламалы энергия көздері
  • Энергия үнемдеу және энергия тиімділігі
  • Кабель-өткізгіш өнімдері
  • Жарықтандыру және өндірістік жарықтандыру

Powerexpo Almaty көрмесіне қатысуға ғылыми-зерттеу және білім беру мекемелері, монтаждау және жобалау ұйымдары, электротехникалық жабдықтар мен кабель-өткізгіш өнімдерінің өндірушілері мен жеткізушілері, басқару, байланыс, релелік қорғаныс және автоматика жүйелері, диагностика және өлшеу құралдары, жарықтандыру өнімдері саласындағы компаниялар шақырылады.

2024 жылы көрмеге 12 елден 186 компания қатысты, олардың арасында Австрия, Әзербайжан, Беларусь, Германия, Италия, Қазақстан, Қытай, Ресей, Таиланд, Түркия, Өзбекстан және Чехия елдері бар.

Ұжымдық стендтерді Мордовия Республикасы, МОСПРОМ, Омбы, Волгоград және Архангельск облыстары ұсынды. Сонымен қатар, «Узэлтехсаноат» қауымдастығы алғаш рет Өзбекстан өндірушілерінің ауқымды ұжымдық стендін ұйымдастырды.

Келушілер саны да айтарлықтай өсті. 2024 жылы Powerexpo Almaty көрмесіне 3 506 салалық маман қатысты. Іскерлік бағдарлама аясында 36 спикер 15 мамандандырылған сессияға қатысты.

Байланыс ақпараты:

Тел.: +7 (727) 258-34-34

Email: alina.shegay@iteca.events

Көрменің ресми сайты: www.powerexpo.kz

Социальные медиа
Facebook
Instagram
Youtube
Telegram
Меню подвал
Экран дикторы
Терминдер мен қысқартулар
Құпиялылық саясаты
Ашық деректердің интернет-порталында ақпаратты орналастыру қағидалары
Жасанды интеллектті дамытудың 2024 – 2029 жылдарға арналған тұжырымдамасы
Цифрлық трансформация тұжырымдамасы
Өмірлік жағдайлар
ҚР Президенті жанындағы Орталық коммуникациялар қызметі
ҚР Премьер-Министрінің сайты
ҚР Президентінің сайты