
30-ШЫ ОРТА АЗИЯЛЫҚ ХАЛЫҚАРАЛЫҚ «ТАУ-КЕН ЖАБДЫҒЫ, РУДАЛАР МЕН МИНЕРАЛДАРДЫ ӨНДІРУ ЖӘНЕ БАЙЫТУ» КӨРМЕСІ
Өткізілетін күндері: 2025 жылғы 17-19 қыркүйек
Өткізілетін орны: Алматы, «Атакент» ҚІЫО
mining-metals.kz
Байланыс: Тел.: +7 727 258 34 34
E-mail: alina.shegay@iteca.events
Mining and Metals Central Asia – бұл тау-кен металлургия саласындағы қазақстандық және шетелдік өндірушілердің жабдықтар, қызметтер мен әзірлемелер саласындағы жетістіктерін көрсетуге арналған кәсіби алаң. Көрме өндірушілер мен жеткізушілердің тау-кен кәсіпорындарының, кен байыту комбинаттарының, көтерме сауда компанияларының және сала өкілдерінің мамандарымен іскерлік байланыстарын кеңейтуге ықпал етеді.
Бұл іс-шара жыл сайын Алматыда жүздеген қатысушы компаниялар мен мыңдаған келушілерді – жабдық өндірушілері мен жеткізушілерін, тау-кен металлургия холдингтерінің өкілдерін, ғылыми орта мен мемлекеттік құрылымдарды жинайды. Аталған іс-шараға қатысу өндірістегі жаңалықтарды көрсетуге, шығарылатын өнімнің бәсекеге қабілеттілігін және бәсекелестердің әлеуетін бағалауға, инвесторлар мен серіктестерді табуға, әріптестермен тәжірибе алмасуға мүмкіндік береді. Ширек ғасырдан астам уақыт ішінде бұл көрме Қазақстанның тау-кен металлургия кешені алдында тұрған міндеттерді шешуге арналған тиімді диалог алаңы екенін дәлелдеді.
4000 шаршы метрден астам алаңда тау-кен өндірісі мен кен байыту комбинаттарына арналған машиналар, жабдықтар мен технологиялар, тау-кен жұмыстарын қауіпсіз жүргізуге, цифрландыруға, автоматтандыруға арналған шешімдер және басқа да көптеген өнімдер ұсынылады.
Экспозиция бөлімдері:
Көрменің маңызды бөлігі – өзекті тақырыптар, техникалық мәселелер, серіктестік перспективалары және инвестициялық жобалар талқыланатын дөңгелек үстелдер, презентациялар мен семинарлардан тұратын кең көлемді іскерлік бағдарлама.
Осы бірегей іс-шараға қосылыңыз және тау-кен саласындағы инновациялар әлемін ашыңыз!