
2025 жылғы 23 – 25 сәуір аралығында «EXPO» халықаралық көрме орталығында (Астана қаласы) Машина жасау және металл өңдеу бойынша VI Халықаралық мамандандырылған көрме — Kazakhstan Machinery Fair өтеді.
Бұл өнеркәсіптік жабдықтар мен технологиялар саласындағы ең жаңа технологиялармен танысудың, іскерлік серіктестер мен өнім берушілерді табудың, саланың болашағы туралы сараптамалық ақпарат алудың бірегей мүмкіндігін ұсынатын Орталық Азиядағы ең ірі салалық оқиғалардың бірі.
Көрмеге келушілер мыналарды істей алады:
Нені көруге болады?
Көрмеде шынайы өндірістік міндеттерді шешуге көмектесетін және технологиялардың мүмкіндіктерін көрнекі түрде көрсететін жабдықтар мен шешімдер ұсынылады. Іс-шараға 250-ден астам компания қатысады, оның ішінде әлемнің 18+ елінен 70+ шетелдік кәсіпорын. Келушілер металл өңдеуге, пісіруге, коррозияға қарсы қорғауға арналған жабдықтардың тиімділігін дәл сол жерде тестілеп көріп, олардың кең ассортиментімен, сондай-ақ еңбек қауіпсіздігін арттыруға арналған шешімдермен таныса алады.
Көрменің тақырыптық бөлімдері:
Іскерлік бағдарлама
Қазақстан машина жасаушылар одағы ұйымдастырған Қазақстан машина жасаушыларының XII Форумы мынадай өзекті тақырыптарды талқылау үшін негізгі алаңға айналады:
B2B-кездесулер мен серіктестік байланыстарды орнату үшін мүмкіндіктер ашатын қосалқы келісімшарттар биржасына ерекше көңіл бөлінетін болады.
Көрмеде кімдер ұсынылады?
Қатысушылар арасында - мынадай жабдықтарды жетекші өндірушілер мен берушілер:
BODOR, «Keruen tech trade» ЖШС, «ПАКС групп» ЖШС, "ҚазАзот" АҚ, «АгромашХолдинг KZ» АҚ, "Vogelsang", «КАМАЗ-Инжиниринг» АҚ ("АвтоТехЛайн" ЖШС), «InTechSol» ЖШС, KAPP GmbH & Co. KG, «Азия Сварной» ЖШС, «Welding Company» ЖШС, «РАЙД» ФИРМАСЫ» ЖШС, SHANGHAI DERATECH IMPORT & EXPORT CO.,LTD, HERMLE WWE AG, "MAKER" ЖШС, LINSINGER MASCHINENBAU, ISCAR Kazakhstan Ltd жекеменшік компаниясы, "WeldExpert" ЖШС, Gesac және басқа да көптеген компаниялар.
Өтетін орны
📍 «EXPO» халықаралық көрме орталығы, Астана қаласы, Мәңгілік Ел даңғылы, 53/1.
Көрмеге қалай келуге болады?
Алдын ала тіркелу шартымен барлық келушілер үшін кіру тегін. Бейдж/QR-код алу үшін мына сілтеме арқылы өтіңіз.
Тіркелу үшін сілтеме
https://digital-aex.com/kk/registration/kmf_reg_25/with_promo_code?code=MPSKMF25