Қазақстан Республикасы Өнеркәсіп және құрылыс министрлігінің қоғамдық кеңесін қалыптастыру бойынша жұмыс тобының мүшелерін іріктеу бойынша конкурс өткізу және бақылаушылардың тізімін қалыптастыру туралы хабарландыру

Қазақстан Республикасы Өнеркәсіп және құрылыс министрлігі Қазақстан Республикасы өнеркәсіп және құрылыс министрлігінің Қоғамдық кеңестің жаңа құрамын қалыптастыру жөніндегі Жұмыс тобының мүшелерін іріктеу жөніндегі конкурс өткізетіні туралы хабарлайды («Қоғамдық кеңестер туралы» 2015 жылғы 2 қарашадағы ҚР Заңына және Қоғамдық кеңес туралы 2025 жылғы 28 наурыздағы № 112-НҚ Үлгілік ережеге сәйкес).

Конкурс Қазақстан Республикасының азаматтары мен коммерциялық емес ұйымдарының өкілдері арасында өткізіледі.

Құжаттар 2026 жылдың 2 – 8 қазан (қоса алғанда) аралығында қабылданады.

Жұмыс тобының сандық құрамы 9 адам, оның ішінде 6 адам – коммерциялық емес ұйымдардың өкілдері, Қазақстан Республикасының азаматтары.

Конкурсқа қатысу үшін келесі құжаттар ұсынылады:

  • Кандидатураны жұмыс тобының құрамына ұсыну туралы коммерциялық емес ұйымның жазбаша ұсынысы және (немесе) азаматтың нысанға сәйкес өтініші (1-қосымша);
  • Өмірбаян деректері көрсетіле отырып, кандидаттың кәсіптік және (немесе) қоғамдық қызметі туралы мәліметтер;
  • Сотталғандығының, психикалық, мінез-құлықтық, оның ішінде психикаға белсенді әсер ететін заттарды тұтынуға байланысты бұзылушылықтардың (аурулардың) болуы не болмауы туралы мәліметтер.

Қоғамдық кеңесті қалыптастыру жөніндегі жұмыс тобының мүшесі Қоғамдық кеңес мүшелігіне сайлау үшін конкурсқа жіберілмейді.

Сонымен қатар, жұмыс тобының отырыстарына қатысуға Қазақстан Республикасының азаматтары, үкіметтік емес ұйымдардың, бұқаралық ақпарат құралдарының, мемлекеттік органдардың, халықаралық ұйымдардың өкілдері болып табылатын дауыс беру құқығы жоқ байқаушылардың тізімі қалыптастырылады.

Жұмыс тобының отырысына бақылаушы ретінде қатысу үшін бақылаушы болуға ниет білдірген тұлға (2-қосымша) нысан бойынша өтініш бере алады.

Құжаттар a.bektanov@mps.gov.kz, электрондық поштасына жіберіледі немесе қолма қол жұмыс уақытында ұсынылады. 

Байланыс мәліметтері: Қазақстан Республикасы Өнеркәсіп және құрылыс министрлігі, 010000, Астана қаласы, Есіл ауданы, Қабанбай батыр даңғылы, 32/1, «Транспорт тауэр» ғимараты.

Анықтама телефоны: 8 7172 98 32 35, 8 7172 98 32 01

Қазақстан Республикасы Өнеркәсіп және құрылыс министрлігінің қоғамдық кеңесін қалыптастыру бойынша жұмыс тобының мүшелерін іріктеу бойынша конкурс өткізу және бақылаушылардың тізімін қалыптастыру туралы хабарландыру
Дата публикации
01 октября 2026