Армия қоян-қолтық ұрысының шеберлері Қарулы Күштер Жоғарғы Бас қолбасшысының кубогы үшін бағын сынайды

Армия қоян-қолтық ұрысының шеберлері Қарулы Күштер Жоғарғы Бас қолбасшысының кубогы үшін бағын сынайды

Қазақстан Республикасының Тұңғыш Президенті – Елбасы күні қарсаңында Алматы қаласында Қарулы Күштердің Жоғарғы Бас Қолбасшысының кубогына қоян-қолтық ұрыстан VI ашық республикалық турнир басталды.

Қарулы Күштердің, Ұлттық қауіпсіздік комитетінің, Мемлекеттік күзет қызметінің, Ұлттық ұланның атынан, сондай-ақ елдің түрлі өңірінен келген 30-дан астам команда құрамында 400-ден аса спортшы сайысқа түседі. Турнирге Азия, Еуропа және әлем чемпиондары да қатысады.

Жарыста жеңіске жеткені үшін біліктілікті көрсететін «Қазақстан Республикасының спорт шебері» атағы беріледі.

Бүгін, турнирдің ашылу рәсімі, оған қоса 55, 60, 65, 70, 75, 80, 85 және 90 келі салмақтағылардың жартылай финалдық және финалдық кездесулері өтуде.

Қоян-қолтық ұрыстан Қарулы Күштер Жоғарғы Бас қолбасшысының кубогына арналған республикалық турнирді Қорғаныс министрлігі және Бүкілқазақстандық қоян-қолтық ұрыс қауымдастығы ұйымдастырды.