Түркістан қаласындағы Жастар ресурстық орталығының амфитеатрында әскерге шақырылғандарды салтанатты шығарып салу рәсімі өтті. Жыл бойы жастар Қонаев қаласындағы инженерлік-саперлік бригадада қызмет атқарады.
Шақырылушыларды Түркістан облысының Қорғаныс істері жөніндегі департаментінің басшылығы, әскери қызметшілер, Қарулы күштердің ардагерлері, туған-туыстары мен жақындары шығарып салды.
– Бүгін біз облысымыздың барлық аудандары мен қалаларынан іріктелген жастарды әскерге салтанатты түрде шығарып салудамыз. Әскери қызмет – бұл жас қазақстандықтардың қасиетті борышы, елдегі бейбітшілік пен тыныштықтың кепілі, – деді Түркістан облысы Қорғаныс істері жөніндегі департаменті бастығының орынбасары майор Қуанышбек Құлымбаев.
Қарулы күштер ардагерлері облыстық кеңесінің төрағасы, запастағы подполковник Бабай Алдабергенов жас сарбаздарға сәттілік тілеп, әскер мектебінен өтудің маңыздылығын атап өтті.
– Әскерде сіздер үлкендерді құрметтеуді, жақындарыңызды бағалауды және әртүрлі адамдармен тіл табысуды үйренесіздер. Жауапты әрі тәртіпті боласыздар. Әрбір жас азамат Отан алдындағы борышын өтеуі тиіс деп есептеймін, – деді ол.
Айта кетейік, биыл көктемде Түркістан облысынан мерзімді әскери қызметке 2500-ден астам азамат шақырылады.