ҚР Қарулы күштері: отбасын қолдау – мемлекеттің маңызды басымдығы

ҚР Қарулы күштері: отбасын қолдау – мемлекеттің маңызды басымдығы

15 мамырда қазақстандықтар отбасының қоғамдағы рөлін еске салатын мереке – Халықаралық Отбасы күнін атап өтеді.

Қазақстан Қарулы күштеріндегі әрбір әскери бөлімде әскери қызметшілердің отбасыларымен жұмыс жөніндегі қызметтер құрылған. Олардың негізгі міндеті – отбасылық құндылықтарды нығайту, командирлерге отбасылардағы моральдық-психологиялық ахуалды жақсартуға жәрдемдесу, әлеуметтік-тұрмыстық мәселелерді шешу, консультациялық көмек көрсету және мәдени-демалыс жұмыстарын ұйымдастыру.

Қызмет мамандары көп балалы, толық емес, жас отбасыларға және ерекше білім беру қажеттіліктері бар балаларды тәрбиелеп отырған ата-аналарға қолдау көрсетіп келеді. Биыл олар 700-ден астам заңгерлік және психологиялық кеңес берді. Басшылықтың 700-ден астам кездесуі мен 140 қайырымдылық акциясы өткізілді.

Әскери бөлімдер жанындағы үйірмелер мен секцияларға әскери қызметшілердің 1 600-ден астам баласы барады. Негізгі әлеуметтік мекемелер жоқ шалғайдағы гарнизондарға ерекше назар аударылған. Мұнда қызмет мамандары ата-аналарға балаларды дамыту мен оқыту мәселелеріне, білім беру және сауықтыру қызметтеріне қол жеткізуге көмектеседі.

Отбасы күніне арналған мерекелік іс-шаралар дәстүрлі түрде еліміздің барлық аймақтарында өтіп тұрады. Әскери қызметшілер мен олардың отбасы мүшелері үшін концерттер, конкурстар, көрмелер мен спорттық жарыстар ұйымдастырылады. Өткен жылдан бастап Қорғаныс және Оқу-ағарту министрліктері арасындағы уағдаластық шеңберінде әскери қызметшілердің мыңнан астам баласы Қонаев қаласындағы «Балдәурен» республикалық оқу-сауықтыру орталығында және оның Балқаш, Түркістан, Щучинск қалаларындағы филиалдарында демалуға мүмкіндік алды.

ҚР Қорғаныс министрлігі осылайша әскери қызметшілер мен олардың отбасыларын әлеуметтік қолдау саясатын дәйекті түрде жүзеге асыруда:

Естеріңізге сала кетейік, 1993 жылы БҰҰ бекіткен Халықаралық Отбасы күні бүкіл әлемдегі отбасы институтын қорғауға және қолдауға қатысты негізгі мәселелерге назар аударуға арналған.