Әскери-теңіз күштерінің әскери бөлімінде ата-аналар үшін Ашық есік күні ұйымдастырылды

Әскери-теңіз күштерінің әскери бөлімінде ата-аналар үшін Ашық есік күні ұйымдастырылды

Әскери-теңіз күштері теңіз жаяу әскерлері десанттық-шабуылдау батальонында әскерге шақырылушылардың туыстарымен өткен кездесуге жүзден астам адам келді.

Бөлім басшылығы матростардың күнделікті өмірі, теңіз бөлімшелеріндегі қызметтің ерекшелігі туралы егжей-тегжейлі айтып, келушілердің сұрақтарына жауап берді.

Қонақтар әскери бөлімнің казармасын аралап көрді. Асханаға барып, тамақтану рационымен танысты. Әскери техника мен қару-жарақ көрмесінде сарбаздарды оқытуда және күнделікті қызметте қолданылатын үлгілерді көрді.

– Менің ұлым Әскери-теңіз күштерінде бір айдан астам уақыт қызмет етті. Оның элиталық әскери бөлімге келгеніне өте қуаныштымын. Сарбаздардың жатын орны жаңа. Бәрі тап-тұйнақтай таза екен. Біз оқу процесінің, тұрмыстық және тамақтану жағдайларының қалай ұйымдастырылғанын өз көзімізбен көрдік. Матростардың дастарханынан да дәм таттық. Ұйымдастырушыларға рахмет айтамын, – деді Ақтөбе облысынан келген Анар Смайылова.

Айта кету керек, өткен жексенбіде матростар ант қабылдады. Енді олар Әскери-теңіз күштерінің бөлімшелерінде – теңіз жаяу әскерлерінің десанттық шабуылдау батальонында, коменданттық ротада және әртекті кемелер дивизионында қызмет етеді.