Қазақстан Қорғаныс министрі Мәскеудегі әскери парадқа қатысты

Қазақстан Қорғаныс министрі Мәскеудегі әскери парадқа қатысты

Қорғаныс министрі генерал-полковник Руслан Жақсылықовтың басшылығымен қазақстандық әскери делегация Ұлы Жеңістің 80 жылдығығп орайластырылған іс-шараларға қатысты.

Ресей астанасындағы әскери шеру басты оқиға болды. Қызыл алаңнан өткен парадтық есептоптар құрамында Кеңес Одағының Батыры генерал-майор Иван Панфилов атындағы 37-ші десанттық-шабуылдау бригадасының 80 әскери қызметшісі бар. 

Осылайша, ержүрек десантшылар Екінші дүниежүзілік соғыс майдандарында ерлік көрсеткен қазақстандық жауынгерлерге құрмет көрсетті.