Ақтау гарнизонының әскери қызметшілері Ұлы Жеңістің 80 жылдығын салтанатты түрде атап өтті

Ақтау гарнизонының әскери қызметшілері Ұлы Жеңістің 80 жылдығын салтанатты түрде атап өтті

Ақтаудағы ауқымды іс-шаралар аясында гарнизонның әскери қызметшілері, Қарулы күштердің ардагерлері, Ауған соғысына қатысушылар, сондай-ақ жергілікті атқарушы органдардың өкілдері Мәңгілік алау мемориалында қаза тапқан батырларды еске алды.

Гүл шоқтарын қою рәсімі күннің басты оқиғасы болды.

Мерейтойлық датаға орай Маңғыстау облысының әкімі Нұрдәулет Қилыбай Ұлы Отан соғысының ардагерлері Василий Салазкин мен Ольга Зарявнякты құттықтады. Ол майдангерлерге ризашылығын білдіріп, Президент Қасым-Жомарт Тоқаев пен Қорғаныс министрінің құттықтауларын жеткізді.

- Сізде Отан қорғауда жанқиярлықтың жарқын үлгісін көрсеттіңіздер. Біз мұны әрқашан есте сақтаймыз. Маңғыстаудың барлық тұрғындары атынан еліміздің бейбітшілігі мен жарқын болашағы жолындағы ерліктеріңіз үшін алғыс айтқым келеді, — деп атап өтті ол.

Сондай-ақ, әкім ардагерлерге "Ұлы Отан соғысындағы Жеңіске 80 жыл" естелік медальдарын табыс етті.

Ардагерлердің әңгімелері әсерлі. Василий Салазкин 14 жасында майданға кетіп, I Қиыр Шығыс майданында шайқасты. Ольга Зарявняк 13 жасынан бастап Белоруссиядағы партизандық қозғалысқа қатысып, Брест облысының Клещели қаласында байланысшы болды.

Ардагерлерге құрмет белгісі ретінде олардың үйлерінің алдында әскери оркестр өнер көрсетіп, патриоттық әндерді орындады.

Сол күні "Жеңіс саябағында" мерекелік концерт өтіп, облыс әкімінің ардагерлермен және әскери қызметшілермен кездесуі өтті. Сондай-ақ, аймақ басшысы Қорғаныс істері жөніндегі департаментке барып, әскери мұражай экспонаттарымен танысып, сарбаз ботқасынан дәм татты.

Ақтаудағы Жеңістің 80 жылдығын мерекелеу ардагерлерге  ризашылықтың символына айналды.