9 мамырда Ұлы Жеңістің 80 жылдығына орай Радиоэлектроника және байланыс әскери-инженерлік институтының әскери қызметшілері Алматының Орталық саябақтарының бірінде патриоттық шара ұйымдастырды.
Дәстүр бойынша, мереке қонақтарына нағыз сарбаз ботқасы дайындалды — бұл майдандағы бауырластық пен ерліктің символы. Ыстық тағам 80 жыл бұрын майдандағы сияқты далалық ас үйден тікелей таратылды. Ботқаның дәмін татып көргендердің бәрі бір сәтке соғыс жылдарын, майдан өмірінің рухын сезіне алды.
— Бұл сарбаз ботқасы – батырларымыздың ерлігі мен төзімділігіне ықпал еткен дәм, – деді институт бастығының тыл жөніндегі орынбасары подполковник Ержан Жамбаев. – Біз мұндай акцияны жыл сайын жеңіске жеткендерге құрмет ретінде өткіземіз. Біздің мақсатымыз – Ұлы Жеңістің маңызын жастарға жеткізу, майдангерлерді есте сақтау және тарихқа деген құрметті нығайту.
Бұдан бөлек, курсанттар әр қонақтың кеудесіне естелік белгісін — Жеңіс символын құрметпен тағып берді. Бұл кәдесыйдың мағыналы терең, көптеген адамдар үшін жай сыйлық емес, есте сақтаудың, патриотизмнің және ұрпақтар сабақтастығының маңыздылығын еске түсірді.
Шара әр түрлі жастағы еңбек ардагерлерінен бастап балалары бар жас отбасыларына дейінгі жүздеген азаматтың басын қосты. Көбі естелік фотосуретке түсіріп, бостандық үшін күрескен ата-бабалары туралы әңгімелерін айтты. Балалар үшін мұндай кездесулер өткен тарих пен Отанға деген сүйіспеншілікке тәрбиелеу сабағына айналды.