ҚР Ұлттық қорғаныс университеті Ұлы Жеңістің 80 жылдығына орай жаппай жүгіру ұйымдастырды

ҚР Ұлттық қорғаныс университеті Ұлы Жеңістің 80  жылдығына орай жаппай жүгіру  ұйымдастырды

Қазақстан Республикасы Ұлттық қорғаныс университетінің жеке құрамы, магистранттар мен докторанттар елордада өткен жарысқа қатысты.

– Ұлы Жеңістің 80 жылдығына орай біз бірқатар еске алу, ғылыми-зерттеу, ағарту іс-шараларын жоспарладық. Жуырда ғана Ұлы Отан соғысы батырларының ұлт тарихына қосқан үлесі туралы халықаралық ғылыми-практикалық конференция өтті. Бүгінгі жарыс - майданда қаза тапқан қазақстандық жауынгерлерді еске алу, әрі бүгінгі күнге аман жеткен соғыс және тыл ардагерлеріне құрмет, - деді Ұлттық қорғаныс университетінің бастығы генерал-майор Асқар Мұстабеков

Айта кетейік, шараға үш жүзден астам адам қатысты.