Беларусь әскери қызметшілері Қазақстан Қарулы күштеріндегі сержанттар дайындау тәжірибесін зерделеді

Беларусь әскери қызметшілері Қазақстан Қарулы күштеріндегі сержанттар дайындау тәжірибесін зерделеді

ҚР Қорғаныс министрлігіне Беларусь Қарулы күштері Жауынгерлік дайындық бас басқармасының бастығы генерал-майор Владимир Белый бастаған шетелдік делегация келді.

Жұмыс кездесуі ҚР Қарулы күштерінің Ұлттық әскери-патриоттық орталығында өтті.

Бас сержант – ҚР Қарулы күштері Бас штабы Сержанттар құрамымен жұмыс басқармасының бастығы шебер-сержант Темірбек Халықов Беларусь қорғаныс ведомствосының өкілімен сержанттар корпусын дамыту және қатардағы жауынгерлер мен мамандарды даярлауды ұйымдастыру мәселелерін талқылады.

 – Біз Беларусь әріптестерін сержанттық корпустың қалыптасу және даму кезеңдерімен таныстырдық, – деді шебер-сержант Т. Халықов. – Сержанттарды іріктеу, тағайындау және даярлауды ұйымдастыру жүйесі, оның ішінде мамандық бойынша да айтылды.

Сондай-ақ, Беларусьтен келген меймандар кәсіби сержанттарды даярлайтын ҚР Қорғаныс министрлігінің Шоқан Уәлиханов атындағы әскери колледжінде болды.

Жұмыс кездесуі Қазақстан мен Беларусь Қорғаныс министрліктері арасындағы екіжақты ынтымақтастық жоспарына сәйкес ұйымдастырылды.