Алматының оқушылары Мәңгілік алаудың алдына құрмет көрсету күзетіне шықты

Алматының оқушылары Мәңгілік алаудың алдына құрмет көрсету күзетіне шықты

Алматы қаласында Ұлы Отан соғысындағы Жеңістің 80 жылдығына орайластырылған жыл сайынғы еске алу вахтасы басталды.

«Жас сарбаз» әскери-патриоттық қозғалысының тәрбиеленушілері кезекті мәрте 28 гвардиялық-панфиловшылар саябағындағы Даңқ Мемориалының алдына құрмет қарауылы құрамында күзетке шықты.

Мәңгілік алаудың №1 бекетінде құрмет қарауылында тұру дәстүрі биыл алтыншы жыл өткізіліп келеді. Бұл жолы оны бірінші болып №95 мектептің «Жас сарбаз» кадет сыныптарының оқушылары ашты. Алматының әртүрлі білім беру мекемелерінің оқушыларынан құралатын біріккен жасақ құрамында олар үш күн бойы күзетте тұрады.

Құрмет қарауылы күн сайын сағат 9-дан 16-ға дейін қойылады. Қарауылды ауыстыру алдын ала бекітілген кестеге сай жүргізіледі. Әр ауысымның құрамына қарауыл бастығы, оның көмекшісі және ауысатындар кіреді.

– Мәңгілік алаудың жанында құрмет қарауылы болу біз үшін үлкен мәртебе. Осылайша бейбіт өмір сүру мүмкіндігін сыйлағандарға тағзым етеміз. Болашаққа жауапкершілікпен қарауды сезініп, өткенімізді мақтан етеміз, – деді біріккен жасақ командирі, №102 мектептің 10 сынып оқушысы Лейла Пирматова.

7 мамырға дейін құрмет күзетіне қаланың 12 мектебінен келген жассарбаздар қатысады. Балалар үшін бұл Ұлы Отан соғысы батырларының ерлігіне құрмет көрсету ғана емес, әскери-патриоттық тәрбиенің, азаматтық жауапкершілік пен батылдықты қалыптастырудың маңызды кезеңі.