Қазақстан Қорғаныс министрлігіне Руанда дипломаты келді

Қазақстан Қорғаныс министрлігіне Руанда дипломаты келді

Астанада Қорғаныс министрінің орынбасары генерал-майор Шайх-Хасан Жазықбаевтың Руанданың Түркиядағы және Қазақстандағы қоса атқарушы Елшісі Чарльз Кайонгпен жұмыс кездесуі өтті.

Тараптар әскери және әскери-техникалық ынтымақтастықтың сондай-ақ, бітімгерлік қызметтің ықтимал бағыттарын талқылады.

Сапар аясында шетелдік мейман өзге де министрліктер мен ведомстволарда, сондай-ақ қорғаныс-өнеркәсіп кешенінің кәсіпорындарында болды.