Сіздерді әскери полицияның құрылған күнімен шын жүректен құттықтаймын!
1997 жылғы 22 сәуірде Қазақстан Республикасы Президентінің Жарлығына сәйкес посткеңестік кеңістікте теңдесі жоқ бірегей құрылым – әскери полиция органдары құрылды. Алғашқы күннен әскери полиция Қазақстан Республикасының Қарулы күштерінде құқықтық тәртіп пен әскери тәртіпті, сондай-ақ заңдылықты қамтамасыз ету жүйесінің ажырамас маңызды бөлігіне айналды.
Әскери полиция органдары жоғары кәсібилікті, жауапкершілік пен борышқа берілгендікті көрсетіп келеді. Сіздердің күш-жігерлеріңіз құқық бұзушылықтардың алдын алуға, еліміздің заңнамасында белгіленген құзырет шегінде анықтау жүргізуге бағытталған. Әскери көлік құралдарының жол қозғалысы қауіпсіздігін қамтамасыз етудегі жұмыстарыңыз ерекше маңызға ие. Бұл біріншден әскерлердің жауынгерлік дайындығы мен жеке құрамның өмірін сақтаудың маңызды аспектісі.
Әскери полиция қызметкерлері тәртіпті сақтауда шешуші рөл атқарады. Бұл әскери қызметшілердің жауынгерлік рухы мен бірлігін нығайтуға ықпал етеді. Сіздердің үйлесімді қызметтеріңіздің арқасында мемлекеттің мүддесі мен әрбір әскери қызметшінің құқығы сенімді қорғалуда.
Осы қызметтің басында тұрған әскери полиция ардагерлеріне ерекше алғыс айтамын. Сіздердің тәжірибелеріңіз әскери полицияның қазіргі буыны үшін берік негіз, әрі үлгі.
Бүгінгі таңда әскери полиция органдары жетілдіруді, заманауи жұмыс әдістері мен технологияларын енгізуді жалғастыруда. Бұл уақыттың қиындықтарына тиімді қарсы тұруға және Қазақстан Республикасының Қарулы күштерінде қауіпсіздіктің жоғары деңгейін қамтамасыз етуге мүмкіндік береді.
Барлық әскери қызметшілер мен әскери полиция ардагерлеріне зор денсаулық, амандық, сарқылмас қуат және кәсіби шыңдалуды тілеймін!
Бейбіт уақыттағы әр күндеріңіз Отан қорғауға қосқан үлестеріңіз үшін мақтанышқа толы болсын.
Антқа адал болып, қызметтік міндеттеріңізді мінсіз орындағандарыңыз үшін рахмет!
Құрметпен,
Қазақстан Республикасының Қорғаныс министрі
генерал-полковник Р. Жақсылықов