Әскер спортшысы Ангелина Лукас Стамбулда өткен бокс кешінде жеңіске жетті

Әскер спортшысы Ангелина Лукас Стамбулда өткен бокс кешінде жеңіске жетті

Бұл Қорғаныс министрлігі Армия орталық спорт клубының қызметшісі Ангелина Лукас үшін кәсіби мансабындағы 14-ші жеңісі. Осы жолы ол Боливия спортшысы Есения Токомен қолғап түйістірді. Жекпе-жек екінші жеңіл салмақта өтіп, сегіз раундқа жоспарланды.

Алайда, аты шулы Ангелина екінші раундта-ақ Есения Токоны тізе бүктіріп, техникалық нокаутпен жеңіске жетті. Бұл Токоның алғашқы жеңілісі болғанын айта кеткен жөн.

Стамбұлдағы кеш Ангелина үшін осы айдағы үшінші жекпе-жек болды, оған дейін армияның былғары қолғап шебері нигериялық Айисат Орийоми мен венесуэльдік спортшы Жоана Суньиганы жеңген болатын.