Қорғаныс министрінің бұйрығымен реттеліп көрсетілетін қызметтерді ұсынудың үлгілік шарты бекітіледі

Қорғаныс министрінің бұйрығымен реттеліп көрсетілетін қызметтерді ұсынудың үлгілік шарты бекітіледі

Әуе қорғанысы күштері бас қолбасшысының басқармасы қорғаныс ведомствосы басшысының  «Реттеліп көрсетілетін қызметтерді ұсынудың үлгілік шартын бекіту туралы» бұйрығын дайындады.

Нормативтік құқықтық акт «Қазақстан Республикасының әуе кеңістігін пайдалану және авиация қызметі туралы» ҚР Заңының 15-1-бабына және «Табиғи монополиялар туралы» ҚР Заңы 8-бабының 7) тармақшасына сәйкес әуежай қызметі саласында ақылы қызметтер көрсетуді одан әрі іске асыру үшін әзірленді. 

Қорғаныс министрі бұйрығы жобасының толық мәтінімен «Электрондық үкімет» порталында биылғы жылдың 18 ақпанына дейін «Ашық НҚА» бөлімінде мына сілтеме бойынша танысуға болады: https://legalacts.egov.kz/npa/view?id=15426162