Қазақстанның Қорғаныс министрлігіне Әзербайжанның әскери делегациясы келді

Қазақстанның Қорғаныс министрлігіне Әзербайжанның әскери делегациясы келді

Қазақстан қорғаныс ведомствосының басшысы генерал-полковник Руслан Жақсылықов Әзербайжан Қорғаныс министрінің орынбасары – Бас директор Агиль Гурбанов бастаған шетелдік делегацияны қабылдады.

Кездесу барысында тараптар қазақ-әзербайжан ынтымақтастығының достық және стратегиялық деңгейін атап өтті. Кездесу қорытындысы бойынша қорғаныс саласындағы ары қарайғы қарым-қатынас бойынша бірқатар келісімдерге қол жеткізілді.