Армия спортшысы Ангелина Лукас Мәскеудегі IBA турнирінде жеңімпаз атанды

Армия спортшысы Ангелина Лукас Мәскеудегі IBA турнирінде жеңімпаз атанды

Қазақстан Қарулы күштерінің қызметкері Ангелина Лукас «IBA чемпиондар түн» турнирінде өнер көрсетті.

Турнир Халықаралық бокс қауымдастығының (IBA) қолдауымен Ресей астанасында өтті. 

Сегіз раундтық жекпе-жекте Ангелина Лукас үшінші раундтан кейін нигериялық Айисат Ориомидан басым түсті.  

Қазақстандық спортшының кәсіби рингтегі есебінде 12 жеңіс болса, ал Айисат Орийомидың бұл алғашқы жеңілісі екенін айта кету керек.