
Қорғаныс министрлігі «Қазақстан Республикасының Қарулы Күштерінде (Әскери-теңіз күштерінің кораблінде және кемесінде корабльдік қызметті) қызметтердің жұмысын ұйымдастыру жөніндегі нұсқаулықты бекіту туралы» қорғаныс ведомствосы басшысы бұйрығының жобасын әзірледі.
Нормативтік құқықтық актінің жобасы Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2022 жылғы 2 маусымдағы № 357 қаулысымен бекітілген Қазақстан Республикасы Қорғаныс министрлігі туралы ереженің 15-тармағының 273-тармақшасына сәйкес әзірленді.
Құжат корабльдер ұйымын, ҚР Қарулы күштері Әскери-теңіз күштерінің корабльдері мен кемелерінің жауынгерлік даярлығын, корабльдердің және кеме құрамаларының негізгі лауазымды адамдарының міндеттерін, корабльдердің күнделікті қызметін айқындайды. Сонымен қатар, бұл құжатта әскери-теңіз рәсімдері белгіленіп, корабльдердің кезекшілік атқару нұсқаулықтары, сондай-ақ корабльде берілетін пәрмендер де қамтылды.
Қорғаныс министрі бұйрығы жобасының толық мәтінімен «электрондық үкімет» порталында «Ашық НҚА» бөлімінде 2025 жылғы 11 ақпанға дейін мына https://legalacts.egov.kz/npa/view?id=15415229 сілтеме бойынша танысуға болады.