
Қорғаныс министрлігі қорғаныс ведомствосы басшысының «Қарулы Күштерде парашютсіз десант түсіру жөніндегі нұсқаулықты бекіту туралы» бұйрығының жобасын әзірледі.
Нормативтік құқықтық актінің жобасы Қазақстан Республикасы Қорғаныс министрлігі туралы ереженің 15-тармағы 277-тармақшасына сәйкес әзірленді.
Бұл нұсқаулық әуе кемелерінен адамдар мен жүктерді парашютсіз қауіпсіз десанттауды ұйымдастыруды, қамтамасыз етуді және іске асыруды нақтылайды.
Құжатта мамандарды, қару-жарақты, құралдар мен жабдықтарды парашютсіз түсіруге даярлауды ұйымдастыруға қойылатын талаптар айқындалады.
Қорғаныс министрі бұйрығы жобасының толық мәтінімен «Электрондық үкімет» порталында осы жылдың 23 желтоқсанына дейін «Ашық НҚА» бөлімінде мына https://legalacts.egov.kz/npa/view?id=15332124 сілтеме бойынша танысуға болады.