Белградта Қазақстан мен Сербия қорғаныс министрлерінің келіссөздері өтті

Белградта Қазақстан мен Сербия қорғаныс министрлерінің келіссөздері өтті

Қазақстан қорғаныс ведомствосының басшысы генерал-полковник Руслан Жақсылықовтың серб әріптесі Братислав Гашичпен ресми кездесуі барысында екіжақты әскери ынтымақтастық мәселелері талқыланды.

Бағдарлама аясында қазақстандық делегация Сербияның қорғаныс-өнеркәсіп кешені кәсіпорындарының көрмелерімен танысты.

Келіссөздер нәтижелері бойынша қорғаныс саласындағы екіжақты келісімге және 2025 жылға арналған әскери ынтымақтастық жоспарына қол қойылды.