Қазақстан мен Қырғызстанның әскери қызметшілерінен құралған аралас контингент тау қорықшылары полкінің базасында және «Теріс-Ащыбұлақ» полигонында іс жүзіндегі сабақтарға кірісті.
Оқу-жауынгерлік міндеттерді орындау барысында жаттығуға қатысушылар таулы жерлерде марш жасау элементтерін пысықтады.
Оқу-жаттығудың соңғы кезеңінде заңсыз қарулы құралымның шартты лагерін құрсауға алып, жою жөнінде тактикалық эпизод орындалады.
Тактикалық деңгейдегі халықаралық оқу-жаттығуларды өткізу бірлескен міндеттерді орындау кезінде далалық машықты арттырудың және бөлімшелерді үйлестірудің тиімді әдісі болмақ.