Қазақстан Қорғаныс министрлігі Иран Қарулы күштерінің басшылығына көңіл айтты

Қазақстан Қорғаныс министрлігі Иран Қарулы күштерінің басшылығына көңіл айтты

Қорғаныс министрінің тәрбие және идеологиялық жұмыстар жөніндегі орынбасары генерал-майор Шайх-Хасан Жазықбаев Астанадағы Иран елшілігінде болды.

Қорғаныс министрі және Қарулы күштердің барлық жеке құрамы атынан ол Иран президенті Ибрахим Раиси мен үкіметтік делегация мүшелерінің тікұшақ апатынан қаза болуына байланысты көңіл айту кітабына жазба қалдырып, жанашырлық пен қолдау білдірді.