Алматыда БҰҰ-ның бітімгерлік операциялары үшін штаб офицерлерін даярлауда

Алматыда БҰҰ-ның бітімгерлік операциялары үшін штаб офицерлерін даярлауда

ҚР Қорғаныс министрлігінің Бітімгерлік операциялар орталығының базасында «БҰҰ штаб офицерлері» халықаралық курсы өтуде.

Оған қазақстандық офицерлермен қатар Ұлыбритания, Германия және Қытай қарулы күштерінің әскери қызметшілері - барлығы 17 адам қатысып жатыр.

Курсқа Африка мен Таяу Шығыс елдеріндегі БҰҰ миссияларының құрамында бітімгерлік қызмет өткеретін персоналды даярлауда практикалық тәжірибесі бар орталықтың әскери қызметшілері нұсқаушылық жасауда.

Курстың негізін миссия құрамында одан әрі қызмет өткеру үшін штаб офицерлерін даярлау мақсатымен БҰҰ Бітімгерлік операциялар департаменті әзірлеп ұсынған оқу материалдары құрайды.

Курс жетекшісі – ҚР Қорғаныс министрлігі Бітімгерлік операциялар орталығы бітімгерлік дайындық басқармасының аға офицері подполковник Ермек Төлесов. Ол штаб офицері ретінде БҰҰ-ның Малидегі тұрақтандыру жөніндегі көпсалалы кешенді миссиясының құрамында қызмет еткен.

– Штаб офицерлері жоспарлаумен, үйлестірумен айналысып, тапсырмалардың орындалуын қадағалайды. Жауапкершілік аймағындағы жағдайды нақты уақыт режимінде бақылап, оқиғаларға талдау жүргізіп отырады. Тиісті бағыттар бойынша миссия қолбасшылығына есептер мен ұсыныстар дайындайды. Сабақтарда біз тыңдаушылармен өз тәжірибемізді бөлісіп, әскери қызметшілерге БҰҰ миссиясы штабының офицері тап болатын жағдайлар мен қиындықтарды егжей-тегжейлі жеткіземіз, – деп түсіндірді подполковник Е. Төлесов.

Айта кетейік, 2018 жылы БҰҰ сертификаттауынан өткен курс 4 жыл бойы өткізіліп келеді. Осы уақыт ішінде Қорғаныс министрлігінің Бітімгерлік операциялар орталығы Біріккен Ұлттар Ұйымы миссияларының штабтарында жұмыс істеу үшін елуге жуық сертификатталған әскери мамандар дайындады.

Мамыр айының соңына дейін созылатын курс аяқталған соң әскери қызметшілер БҰҰ сертификаттарын алады