Қоян-қолтық ұрыстан Мәскеуде өткен Әлем кубогында Қарулы күштердің әскери қызметшілері екі алтын және бір қола медаль жеңіп алды

Қоян-қолтық ұрыстан Мәскеуде өткен Әлем кубогында Қарулы күштердің әскери қызметшілері екі алтын және бір қола медаль жеңіп алды

Ресейде әлемнің 27 елінен спортшылар қатысқан қоян-қолтық ұрыстан өткен халықаралық жарыстар аяқталды.

Қазақстан құрамасының сапында ҚР Қарулы күштері Арнайы операциялар күштерінің әскери қызметшілері де өнер көрсетті.

«Жекпе-жекте» 20850 әскери бөлімінің әскери қызметшілері сержант Жандос Мадихиянов (57 келі) пен аға сержант Арнат Нәметов (62 келі) өз салмақ дәрежелерінде чемпион атанды.

90 келі салмақ дәрежесінде «өзін-өзі қорғауда» 32039 әскери бөлімінің әскери қызметшісі майор Нұрдәулет Ержігітов қола жүлдегер атанды.