Қазақстан Қарулы күштері Десанттық-шабуылдау әскерлерінің әскери қызметшілері ұзақ секірулерді орындады

Қазақстан Қарулы күштері Десанттық-шабуылдау әскерлерінің әскери қызметшілері ұзақ секірулерді орындады

Парашюттік командаларлдың жиындары аясында десантшылар, оның ішінде бес қыз 1500 және 2000 метр биіктіктен парашютпен секіруді, сондай-ақ 3000 метрден ұзақ секіруді жүзеге асырдыДесанттық-шабуылдау әскерлерінің әскери қызметшілері үлкен биіктіктен парашютті белгілі бір уақытқа дейін ашпай отырып секіруді С-295 ұшағының бортынан жүзеге асырды.

Мұндай секіру арнайы дағдылар мен өзідгінен шешім қабылдауды талап етеді. Еркін құлдилау кезінде парашютшы 40 секунд немесе одан да көп уақыт жұмсайды. Осы уақыт ішінде құлдилау жылдамдығы сағатына 200 км құрайды. Әуеде десантшы нұсқаушы қойған тапсырмаларды орындауы керек. Атап айтқанда, алға немесе артқа айналу, оңға, солға бұрылу және басқа да элементтер, биіктік өлшегішті қадағалап, күмбезді 1200 метр биіктікте уақтылы босату керек.

61993 әскери бөлімі десанттық қамтамасыз ету ротасы взводының сержанты аға сержант Бекзат Әбдікәрімов 3000 метр биіктіктен секіруді алғаш рет орындап отыр.

– Бұл мен үшін үлкен тәжірибе. Биіктік пен жерге дейінгі қашықтықты сөзбен айтып жеткізе алмайсың. Секіру кезінде аздап қорқыныш та болады. Кейін төменге құлдилағанда бойыңда адреналин ойнайды. Ондаған секунд шексіз болып көрінеді. Бұл уақыт ішінде сен нұсқаушы қойған міндеттерді шешіп қана қоймай, айналаңдағы жағдайды басқара алуың керек. Негізгі күмбездің автоматты түрде ашылмайтынын білу эмоцияңды арттырады. Бұл күмбезді шығару сәтінде өмірің өз қолыңда екенін сезінесің, – деп бөлісті өз әсерімен аға сержант Бекзат Әбдікәрімов.  

Десант түсіру кезінде 8000 метр биіктіктен секіруге мүмкіндік беретін Д-1-5У оқу-жаттығу парашюттері және маневр жасау мен басқаруы жоғары сипатталатын Insider-300SF арнайы мақсаттағы парашют жүйесі пайдаланылды.

ҚР Қарулы күштері Десанттық-шабуылдау әскерлерінің парашюттік командасы ағымдағы жылдың мамыр айында Түркияда өтетін «Эфес» оқу-жаттығуына және Беларусьте өтетін халықаралық парашюттік спорт чемпионатына қатысуға дайындалуда.