Астанаға ШЫҰ-ға мүше мемлекеттер Қорғаныс министрлері кеңесіне қатысушылар келді

Астанаға ШЫҰ-ға мүше мемлекеттер Қорғаныс министрлері кеңесіне қатысушылар келді

Бүгін, 26 сәуірде, Шанхай Ынтымақтастық Ұйымына мүше мемлекеттер қорғаныс министрлерінің кеңесі өз жұмысын бастайды.

Қазақстанның ШЫҰ-ға төрағалығы шеңберінде өткізілетін іс-шараға Үндістан, Иран, Қытай, Қырғызстан, Пәкістан, Ресей, Тәжікстан және Өзбекстан қорғаныс ведомстволарының басшылары қатысады. 

Сонымен қатар, отырысқа Шанхай Ынтымақтастық Ұйымының Бас хатшысы, ШЫҰ Аймақтық терроризмге қарсы құрылымы Атқарушы комитетінің директоры және Беларусь Қорғаныс министрі шақырылған.