Алматыда «Жас десантшылар» командасы «Айбын» халықаралық жастар жиынына іріктеуде Бас жүлдені жеңіп алды

Алматыда «Жас десантшылар» командасы «Айбын» халықаралық жастар жиынына іріктеуде Бас жүлдені жеңіп алды

«Айбын» халықаралық әскери-патриоттық жастар жиынына іріктеу сайысына 14-17 жас аралығындағы 300-ге жуық алматылық оқушы мен әскери-патриоттық клубтардың тәрбиеленушіcі қатысты.    

Әскери-спорттық ойындар Қорғаныс министрлігі Орталық спорт клубының оқу-жаттығу орталығында өтті. Өңірлік жиын бағдарламасына «Айбын дарыны» зияткерлік ойыны, «Айбын жұлдызы» шығармашылық байқауы, Smart Sarbaz робототехника жарысы кірді. 

Әскери-қолданбалы спорт түрлеріне жас жігіттердің белтемірге тартылуы, қыздардың шалқалап жатып денені көтеру жаттығулары, АК-74 қаруын жартылай бөлшектеп-жинау, арқан тарту, пневматикалық мылтықтан ату, кросс және әскерилендірілген эстафета кірді.   

Өңірлік кезеңнің қорытындысы бойынша «Жас десантшылар» әскери-патриоттық клубының тәрбиеленушілері бас жүлдені олжалады. Бірінші орын Бостандық командасына, екінші орын Алмалы құрамасына, үшінші орын Жетісу ауданының жас спортшыларына бұйырды. 

Жеңімпаздар мен жүлдегерлер кубоктармен және естелік сыйлықтармен марапатталды, әскери-спорттық ойындарға қатысқандардың бәрі грамоталармен марапатталды.