Голан жоталарында қазақстандық бітімгерлер алғашқы жаттығуын пысықтады

Голан жоталарында қазақстандық бітімгерлер алғашқы жаттығуын пысықтады

Қазақстандық бітімгерлік ротаның жедел әрекет ету күштері ирландиялық әріптестерімен жараланған адамды эвакуациялау бойынша бірлескен жаттығу өткізді.

Дабылмен көтерілген бөлімше тез арада Голан жоталарында БҰҰ миссиясының жауапкершілік аймағындағы базадан бірнеше шақырым жерде орналасқан бақылау бекетіне кетті.

Жаттығудың бірінші кезеңінде бекеттің аумағын тазарту және тексеру жүргізілді.

Содан кейін медициналық бөлім жараланған адамға жедел көмек көрсетті. Ол арнайы жабдықталған бронды дөңгелекті көлікпен эвакуацияланды.

Қазақстандық бітімгерлер миссияның жауапкершілік аймағындағы бақылау бекеттерін күшейтуге жауапты екенін атап өткен жөн. Қажет кезде олар эвакуация да жүргізеді.