Қорғаныс министрі ҰҚШҰ Бас хатшысымен кездесті

Қорғаныс министрі ҰҚШҰ Бас хатшысымен кездесті

Астанада қорғаныс ведомствосының басшысы генерал-полковник Руслан Жақсылықов Ұжымдық қауіпсіздік туралы шарт ұйымының Бас хатшысы Иманғали Тасмағамбетовпен кездесті.

Ұйымның Бас хатшысы Иманғали Тасмағамбетов ҰҚШҰ жауапкершілік аймағында қалыптасып жатқан ахуал туралы хабардар етті.

Тараптар биыл мамыр айының соңына жоспарланған ҰҚШҰ Қорғаныс министрлері кеңесінің алдағы отырысына дайындық мәселелерін талқылады.