Оқу орындарының оқу-материалдық базасын ұйымдастыру қағидаларына өзгерістер енгізіледі

Оқу орындарының оқу-материалдық базасын ұйымдастыру қағидаларына өзгерістер енгізіледі

Әскери білім және ғылым департаменті "Әскери оқу орындары мен әскери кафедралардың оқу-материалдық базасын ұйымдастыру және пайдалану қағидаларын бекіту туралы" қорғаныс ведомствосы басшысының 2017 жылғы 2 тамыздағы № 411 бұйрығына өзгерістер енгізу туралы бұйрығының жобасын дайындады.

 "Қазақстан Республикасының Қорғаныс және Қарулы Күштері туралы" Заңының 22-бабы 2-тармағының 26-20) тармақшасына сәйкес қорғаныс ведомствосы білім беру саласындағы уәкілетті органмен келісім бойынша әскери оқу орындары мен әскери кафедралардың оқу-материалдық базасын ұйымдастыру және пайдалану қағидаларын әзірлейді және бекітеді.

НҚА жаңа редакциясында "Құқықтық актілер туралы" ҚР Заңының 25-бабы 5-тармағының талаптарын ескере отырып, кіріспеде "Қазақстан Республикасының қорғанысы және Қарулы Күштері туралы" ҚР Заңына сілтеме жасау кезінде оның нөмірі мен қабылданған күніне: "2005 жылғы 7 қаңтардағы" нұсқау алынды.

Әскери оқу орындары мен әскери кафедралардың оқу-материалдық базасын ұйымдастыру және пайдалану қағидаларының

1-тармағында "оқу-зертханалық база", "далалық оқу базасы", "спорттық база", "тренажерлік база", "жалпы әскери даярлыққа арналған база" және басқалар сияқты ұғымдар оңтайландырылды.

Бұйрық жобасының толық мәтінімен "Электрондық үкімет" порталында "Ашық НҚА" бөлімінде ағымдағы жылдың 22 қарашасына дейін мына сілтеме бойынша танысуға болады: https://legalacts.egov.kz/npa/view?id=14789600