Қорғаныс министрлігінде ведомство басшысының әуежай қызметі саласындағы тарифтер туралы бұйрығының жобасы дайындалды

Қорғаныс министрлігінде ведомство басшысының әуежай қызметі саласындағы тарифтер туралы бұйрығының жобасы дайындалды

Құжат әуежай қызметі саласында маманданған ҚР Қарулы Күштері мемлекеттік мекемелерінің тарифтерді қалыптастыру әдістемесін айқындайды.

Қорғаныс министрінің «Әуежай қызметі саласында маманданған Қазақстан Республикасы Қарулы Күштері мемлекеттік мекемелерінің тарифтерді қалыптастыру қағидаларын бекіту туралы» бұйрығының жобасы «Қазақстан Республикасының қорғанысы және Қарулы Күштері туралы» ҚР Заңының 24-бабының 2-тармағын, «Қазақстан Республикасының әуе кеңістігін пайдалану және авиация қызметі туралы» ҚР Заңының 15-1-бабын іске асыру үшін, сондай-ақ «Табиғи монополиялар туралы» ҚР Заңының 8-бабының 5) тармақшасына сәйкес әзірленді.

Бұйрық жобасын іске асыру мемлекеттік бюджеттен қаржылық шығындарға әкеп соқпайды және жеке кәсіпкерлік субъектілерінің мүдделерін көздемейді.

Бұйрықтың толық мәтінімен «Электрондық үкімет» порталында «Ашық НҚА» бөлімінде мына сілтеме арқылы https://legalacts.egov.kz/npa/view?id=14398556 танысуға болады.