ҚР ҚК Құрлық әскерлерінің бас қолбасшысы тағайындалды

ҚР ҚК Құрлық әскерлерінің бас қолбасшысы тағайындалды

Мемлекет басшысының Өкімімен Асан Қуанышұлы Жүсіпов Қазақстан Республикасы Қарулы Күштері Құрлық әскерлерінің бас қолбасшысы болып тағайындалды.

Генерал-майор Асан Жүсіпов 1973 жылы 10 ақпанда Көкшетау облысы Арықбалық ауданы Имантау ауылында дүниеге келген.

1995 жылы Алматы жоғары әскери училищесін аяқтаған. Қазақстан армиясында взвод командирінен бастап ҚР Қарулы Күштері Бас штабы бастығының орынбасарына дейінгі мансаптық жолдан өтті. Әр жылдары Құрлық әскерлерінің өңірлік қолбасшылықтарында жауапты қызметтер атқарды. Әскери бөлімдерге басшылық етіп, «Шығыс» өңірлік қолбасшылығының қолбасшысы болды. Осы лауазымға тағайындалғанға дейін ҚР Қарулы Күштері Бас штабы бастығының орынбасары болды.

2003 жылы ҚР ҚК Әскери академиясын, 2015 жылы Ұлттық қорғаныс университетін «Әскери және мемлекеттік басқару» мамандығы бойынша бітірген.

Ведомстволық наградалармен және мерейтойлық медальдармен марапатталған.

Отбасылы, 4 бала тәрбиелеп келеді.