
Бас әскери-медициналық басқарма қорғаныс ведомствосы басшысының «Тегін медициналық көмектің кепілдік берілген көлемі шеңберінде және міндетті әлеуметтік медициналық сақтандыру жүйесінде медициналық көмек көрсету саласында маманданатын мемлекеттік мекемелерінің өздерінің жарғылық мақсаттарына сәйкес келетін және өздерінің негізгі қызметіне жатпайтын қызметтерді көрсетуге және осындай көрсетілетін қызметтерді өткізуден түсетін ақшаны пайдалану қағидаларын бекіту және Қазақстан Республикасы Қорғаныс министрінің кейбір бұйрықтарының күші жойылды деп тану туралы» бұйрығының жобасын дайындады.
Нормативтік құқықтық акт ҚР Қорғаныс министрлігі туралы Ереженің 15-тармағының 116-5) тармақшасына сәйкес әзірленді.
Бұйрық жобасында әлеуметтік медициналық сақтандыру қорының қаражаты есебінен әскери-медициналық мекемелерде медициналық қамтамасыз етуге құқығы бар азаматтардың санаттары айқындалған. Тегін медициналық көмектің кепілдік берілген көлемі шеңберінде, міндетті әлеуметтік медициналық сақтандыру жүйесінде және оларды өткізуден алынған ақшалай қаражатты жұмсау шеңберінде медициналық қызметтер көрсету тәртібі белгіленген.
Қорғаныс министрінің 2019 жылғы 30 қазандағы № 871 «Қарулы Күштер мемлекеттік мекемелерінің тегін медициналық көмектің кепілдік берілген көлемі шеңберінде және міндетті әлеуметтік медициналық сақтандыру жүйесінде медициналық көмек көрсету бойынша көрсетілетін қызметтерді өткізу жөніндегі ақылы қызмет түрлерін көрсету және олардың көрсетілетін қызметтерді өткізуден түсетін ақшаны жұмсау қағидаларын бекіту туралы» бұйрығы жойылуға қойылды.
Бұйрық жобасының толық мәтінімен «Электрондық үкімет» порталында «Ашық НҚА» бөлімінде ағымдағы жылдың 31 тамызына дейін мына сілтеме бойынша танысуға болады: https://legalacts.egov.kz/npa/view?id=14666