Қорғаныс ведомствосының кейбір бұйрықтарына өзгерістер енгізілуде

Қорғаныс ведомствосының кейбір бұйрықтарына өзгерістер енгізілуде

Әскери полиция бас басқармасы Қазақстан қорғаныс ведомствосы басшысының кейбір бұйрықтарына өзгерістер дайындады.

Сонымен, "Қазақстан Республикасы Қарулы Күштері Әскери полиция органдарында тіркелген механикалық көлік құралдары мен олардың тіркемелерін міндетті техникалық байқаудан өткізу қағидаларын бекіту туралы" 2015 жылғы 10 ақпандағы № 70 бұйрықта "қызметкер" деген сөз "әскери қызметші" болып ауыстырылды.

"Жол қозғалысы туралы" заңына сәйкес Қорғаныс министрінің 2015 жылғы 15 ақпандағы № 72 "Қазақстан Республикасы Қарулы Күштерінің механикалық көлік құралдары мен олардың тіркемелерін мемлекеттік тіркеу қағидаларын бекіту туралы" бұйрығы "электрлі самокат" ұғымымен толықтырылды, ол ең жоғары конструктивті жылдамдығы сағатына 25 шақырымнан аспайтын көлік құралы деп танылады.

Жоғарыда көрсетілген нормативтік құқықтық актілерге өзгерістер оларды қолданыстағы заңнамаға сәйкес келтіру мақсатында енгізіліп отыр.

Бұл акт жобасының толық мәтінімен "Электрондық үкімет" порталында "Ашық НҚА" бөлімінде биылғы жылдың 17 тамызына дейін мына сілтеме арқылы танысуға болады: https://legalacts.egov.kz/npa/view?id=14656184