Мәдениет саласындағы қызметтердің тарифтеріне өзгерістер енгізілуде

Мәдениет саласындағы қызметтердің тарифтеріне өзгерістер енгізілуде

Қорғаныс министрлігі қорғаныс ведомствосы басшысының "Қазақстан Республикасы Қорғаныс министрінің 2017 жылғы 28 қыркүйектегі № 552 "Қазақстан Республикасы Қарулы Күштерінің мәдениет саласындағы мамандандырылған мемлекеттік мекемесінің ақылы негізде көрсетілетін қызметтеріне тарифтерді бекіту туралы" бұйрығына өзгерістер мен толықтыру енгізу туралы" бұйрығының жобасын әзірледі.

Нормативтік құқықтық акт "Қазақстан Республикасының қорғанысы және Қарулы Күштері туралы" ҚР Заңы 24-бабының 3-тармағын іске асыру мақсатымен дайындаып отыр (2022 жылғы 30 желтоқсандағы № 177-VII ҚРЗ жаңа редакциясы).

Ұсынылып отырған құжат көшпелі көрмелерді ұйымдастыру және өткізу, ғылыми жобаларды әзірлеу, мұражай экспозицияларын құру, мұражайға бару және т.б. ақылы қызметтердің тарифтерін бекітеді.

Бұйрық жобасының толық мәтінімен "Электрондық үкімет" порталында "Ашық НҚА" бөлімінде биылғы жылдың 16 маусымына дейін мына сілтеме бойынша танысуға болады: https://legalacts.egov.kz/npa/view?id=14594703