Қазақстан мен Францияның қорғаныс ведомстволарының өкілдері екіжақты ынтымақтастық мәселелерін талқылады

Қазақстан мен Францияның қорғаныс ведомстволарының өкілдері екіжақты ынтымақтастық мәселелерін талқылады

Астанада Қазақстан Республикасы Қорғаныс министрлігі Халықаралық ынтымақтастық департаменті бастығының орынбасары полковник Руслан Сейдалин Франция Қорғаныс министрлігі Халықаралық қатынастар және стратегия жөніндегі бас басқармасы Еуропа, Солтүстік Америка және көпжақты ынтымақтастық департаментінің басшысы Гийом Олланимен кездесті.

Кездесуде әскери саладағы екіжақты ынтымақтастықтың аспектілері талқыланды. Әлемдегі ахуал жөнінде пікір алмасу барысында тараптар өңірлік қауіпсіздік пен қазақстандық бітімгерлік контингенттің БҰҰ миссияларына қатысуы мәселелерін қозғады.

Сапар аясында француз делегациясының басшысы Ұлттық қорғаныс университетінде дәріс оқыды.