Астанада Біріккен Араб Әмірліктерінің жаңадан тағайындалған әскери атташесімен кездесу өтті

Астанада Біріккен Араб Әмірліктерінің жаңадан тағайындалған әскери  атташесімен кездесу өтті

Қазақстан Республикасы Қорғаныс министрлігі Халықаралық ынтымақтастық департаментінің бастығы полковник Олжас Құсайынов Біріккен Араб Әмірліктерінің Қазақстан Республикасындағы Елшілігі жанындағы жаңадан тағайындалған әскери атташесі подполковник Ибрагим Мұхаммед Хамис Әл-Самахимен кездесті.

Әскери дипломат бұл қызметке биылғы наурыз айында аккредиттелген болатын.

Қазақстан Қорғаныс министрлігі департаментінің бастығы БАӘ қорғаныс ведомствосының өкілін екі ел арасындағы әскери ынтымақтастықтың қазіргі жағдайымен таныстырды. Кездесу барысында тараптар өзара іс-қимылдың өзекті бағыттарын талқылады.

Полковник Олжас Құсайынов әскери саладағы екі ел арасындағы қатынастардың жан-жақты дамуына үміт білдіріп, әскери атташеге табыс тіледі.